Оны қаржы институтының қызметкерлерді басқару департаментінің ұйымдастыруымен, Республикалық қан орталығы мен «Бауыржан» қайырымдылық қоры бірлесіп өткізді. «Бүгіннен донор бол» ұранымен өткізіліп отырған бұл науқан Қазақстандағы донорлық институтты дамытуға үлес қосуға бағытталған.
«14-інші маусымдағы Бүкіләлемдік донор күніне орайластырылған науқан Темірбанкте осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Оған 2010 жылы - 42, 2011 жылы - 47 адам өз еркімен қан тапсырған болатын. Биылғы науқанда жиналған қан Республикалық педиатрия институты мен еліміздің медициналық мекемелеріндегі күрделі онкологиялық және гематологиялық сырқаттар жандарға көмек ретінде жөнелтілетін болады», - дейді «Темірбанк» АҚ-ның баспасөз қызметінің бас маманы Мәдина Кеңес.