Зерттеу нәтижелері осы аурудың алдын алуда үлкен көмек болады, дейді rosbalt.ru.
Жыл сайын әлем бойынша инсультке 15 млн. адам шалдығады. Олардың 6 миллионы қаза тауып, 5 миллионы біржола мүгедек болып қалады.
Зерттеу барысында ғалымдар 500-ге жуық адамның зерттеу қорытындыларын тексерген. Нәтижесінде белгілі болғандай, тіпті ағзадағы темірдің мөлшері болар-болмас азайғанның өзінде, адамның инсультке шалдығу қаупі екі есеге ұлғаяды.