Теміртау ауруханасында бір жарым жасар сәби көз жұмды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат- 3 қаңтарда Теміртау орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде бір жарым жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

3 қаңтарда Теміртау орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне бір жарым жасар бала асқынған ішек инфекциясы және гастроэнтероколит ауруымен түсті. Баланың іші өтіп, құсып, температурасы 38,6 градусты көрсетті. Антибактериалдық, ферменттік, симптоматикалық және инфузиондық терапия жүргізілді. Дегенмен сол күні кешке қарай сәби көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Айжан Исаның айтуынша, анасы ауырған баланы 1 қаңтардан бастап үйінде өз бетімен емдеген, ауруханаға тек 3 қаңтар күні ғана әкелген.

Соңғы жаңалықтар