«Қазақстандық мамандар бұл байқауға алғашқы рет қатысып отыр. Өз мамандықтары бойынша бірінші болып көріну үшін Қазақстан домнашыларымен қатар Украинаның металлургия кәсіпорындарының бес командасы қатысты. Бұл 35 жасқа дейінгі жас мамандардан құралған қырықтан астам қатысушы», - делінген баспасөз хабарламасында.
Теміртау домнашыларының командасы байқаудың теориялық кезеңімен қатар, тәжірибелік кезеңінде де ең жоғарғы баллға ие болды, деп атап өткен кәсіпорынның баспасөз қызметі.