Теміртау қаласында академиялық есу жарысына 100-ден астам спортшы қатысты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасында академиялық есу бойынша «Қазақстан Магниткасы» регата өтті. Биыл ол 15 шілдеде басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Нұр-Сұлтанқаласы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Павлодар және Қарағанды облыстарыныңкомандалары қатысуда. Сайыс барысында 18 медаль жиынтығы ойнатылады. Жүлделіорындар үшін 105 қатысушы өзара бақ таластырады. Біздің өңіріміздің командасына38 спортшы кірді.

Жарыстыңұйымдастырушылары – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы,Теміртау ескек есу спорт мектебі.


«ҚазақстанМагниткасы» регаты 1962 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл кәсіби металлургтеркүніне арналған дәстүрлі турнир.


Біріншіліксондай-ақ спорт ардагерлерінің кездесу орны және жетекші жаттықтырушылардыңтәжірибе алмасуы үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Регаталар кезіндеересектер разрядтарын беруге арналған нормативтер орындалады, бұл жасспортшыларды жоғары нәтижелерге ынталандырады дейді ұйымдастырушылар.



Соңғы жаңалықтар