Теміртау қаласында сейсенбі, маусымның 29-ында Қазақстан магниткасының 50жылдығына орайластырып, алау шеруі өткізіледі
20:24, 29 Маусым 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Теміртау қаласында сейсенбі, маусымның 29-ында Қазақстан магниткасының 50-жылдығына орайластырып, алау шеруі өткізіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шараға 800-ден астам адам қатысады. Ол ҚР Ғылым және министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Жастар - Астанаға» республикалық жастар акциясы ауқымында өткізіліп отыр.
Алау шеруі Теміртаудың орталық даңғылында салтанатты жағдайда өтеді. Акцияға қатысушылар қолдарына ұстап жүретін алау мен балауыз шамдар еріп жатқан темірдің шоқтарын бейнелемек. Шеру «Өз елінің патриоты» ұранымен жастар топтарының үлкен концертіне ұласатын «Металлург» орталық стадионында өз мәресіне жетпек.