«Бұқар жырау ауданынан 902 гектар жер, яғни Самарқанд ауылдық округінен 37 гектар, Қызылқайың ауылдық округінен 865 гектар беру арқылы Теміртау шекарасын өзгерту ұсынылады», - деп хабарлады Теміртау жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Гүлмира Кусенова.
Жердің бір бөлігі - Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданы арасындағы ен дала. Жердің басқа бөлігінде аудан тұрғындары ғана емес, теміртаулықтар да туыстарын жерлейтін жер бар.