Сот отырысы жабық түрде өтті өткізілді.
«Біз жеңдік. Судья Татьяна Гавриченко шығарған шешімге сай компания 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап, қазіргі уақытта 6,2 пайыз болып тұрған инфляция деңгейіне сай жұмысшылардың барлық жалақысын индекстеуге тиіс», - деді М.Миргаязов. Прокуратура кәсіподақтың барлық талаптарын қолдап отыр, деді ол.
Сонымен қатар, оның сөзінше, «АрселорМиттал Теміртау» өкілі бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспейтінін, енді компания қарсы шағым жасайтынын мәлімдеп отыр.