Теміртау қаласының тұрғынынан 1 келі героин мен қару табылды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Теміртау қаласында облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы тағайындалған бөлімшесімен бірлесе отырып жүргізген «Мак-2010» жедел алдын-алу шараларының барысында есіркі сатушы адам қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы хабарлады.

«Арнайы жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында шілденің 9-ы күні Теміртау қаласындағы үйлерде 26 жастағы қала тұрғынынан жалпы салмағы 1,88 грамм болатын героин табылды. Ары қарай үйді тінту барысында сұр-ақ түсті заты бар пакет табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес, пакет ішінде жалпы салмағы 1 келі 49 грамм 22 мг болатын герион салынған», - деп мәлімдеді есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасында. Сонымен қатар, үйден 16-шы калибрлі қару табылып, тәркіленді.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат уақытша қамау изоляторына жабылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.