Теміртау көшелерімен жәдігерлік трамвай жүріп өтті

ҚАРАҒАНДЫ.  Қыркүйектің  10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Теміртау    қаласында   трамвай    паркінің    қызметкерлері  өз кәсіпорындарының    50 жылдығы   құрметіне     қала тұрғындарына    ерекше сыйлық   жасап,   желіге     жәдігерлік  трамвайды    шығарды.

Теміртаулықтар     осыдан 50 жыл кейінге  оралып  отыр,     себебі   Уст-Катав  зауыты   шығарған дәл осындай   КТМ-1    трамвайы  қала көшелеріне  сол жылы  алғаш    шыққан    болатын.  Одан кейін  бұл машиналар 20 жыл бойы      пайдаланылып келді.     Солардың біреуі  кездейсоқ    вагон   депосында сақталып    қалған  екен.  Бұл трамвайдың     тарихта да ізі   қалған -   оны Теміртауда   режиссер Тео Ангелопулостың «Уақыт шаңы»  фильмін түсіруде  қолданылған.

Жарты ғасырлық тарихы бар трамваймен  әзірге бір ғана       сапар ұйымдастырылды.      Парк қызметкерлері  бұдан былай      трамвайды  экскурсиялық       мақсатта,  сондай-ақ   мерекелік  іс-шаралар өткізуде   пайдаланбақ.