«Қарағанды-Екатеринбург» тас жолында болған жаппай көлік апаты салдарынан 2 адам Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Бірінші зардап шеккен адам бас пен аяқ жарақатын алды, қазір ауыр халде. Екінші зардап шегуші амбулаторлық емделуге жіберілді«, - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Қарағанды - Осакаровка« тас жолында бірнеше көлік соқтығысқан ірі апат орын алған болатын.
Одан бөлек, елордадан шығатын екі ақылы жолда үш жаппай көлік апаты болғанын жазған болатынбыз.