Теміртау тұрғыны өзін-өзі әкесінің аңшылық мылтығымен атып тастаған
12:28, 03 Тамыз 2012
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Теміртау қаласының тұрғыны өзін әкесінің аңшылық қаруымен атып тастаған, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Басынан жарақаттанған қалалық 28 жасар тұрғынның мәйітін кеше таңертең оның 46 жастағы әкесі тауып алған.
Ер адам «Вепрь-223» бірауызды аңшы мылтығымен өзінің иек тұсынан атқан. Оқиға орнынан қару мен марқұмның өлер алдындағы жазған хаты алынды.
Тексеру амалдары жүргізілуде.