Теміртау тұрғыны ұлының есімін Елка деп қойған

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының тұрғыны өзінің жаңа туған сәбиіне Елка деген есім берді, деп хабарлады Интерфакс баланың анасы Алмагүл Райханға сілтеме жасап.

Райханның айтуынша, ол сәбиін 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні, Жаңа Жыл тойланып жатқан кезде дүниеге әкелген. Сондықтан да жас босанған ана баласына осы мерекеге байланысты есім қоюды ұйғарған. «Біз күйеуіміз екеуміз балаға жаңажылдық мерекенің басты символының (шыршаның) құрметіне Елка деп есім беруге ұйғардық», - деді ол.

Алмагүл Райхан ұлына мұндай есіммен өмір сүру жеңіл болады деп санайды, өйткені ол «ізгі және жақсы ұғым» береді.

Елка отбасындағы екінші бала, бұдан басқа бір жасқа толған қыз бала дәстүрлі қазақша есімге ие.