Теміртауда 7 жасар баланы көлік қақты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда 7 жасар баланы машина қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейбітшілік даңғылы бойында көлікке соғылған бала жеңіл жарақаттанған.

«Кешенді медициналық тексеруден өткен баланың денсаулығы жақсы, қатты жарақат алмаған. Әзірге ол емханаға жатқызылды», делінген емхана хабарламасында.

Баланы соққан көліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпеген. Ол жол полициясына түсінікте беріп, өзінің кінәсін мойындамайтындығын айтты. Жүргізушінің сөзіне қарағанда, бала жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жол бөлігін қиып өтпек болған.

Десе де жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген жүргізушіні жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.