Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша 22 жастағы Теміртау тұрғыны ұсталды.
«Бұқар жырау ауданы Ростовка ауылының маңынан, жасанды су айдынының жағалауынан зорлықпен өлтірілген 38 жастағы ер адамның денесі табылды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады. Ол Теміртау қалалық ІІБ Жол-потрульдік полиция батальонының бұрынғы сержанты болып шықты.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді полициядан.