Теміртау қалалық сотының судьясы ақтау үкімін жариялап жатып, оның Теміртау қаласы тұрғынынан алған 15 000 теңгенің - жылжымайтын мүлік нысанын тіркеуді жылдамдату үшін паралық көмек емес, ақшалай қарызды қайтару екендігін мәлімдеді. Судья мұндай үкімді айыпталушының сөзіне сеніп, дәлелдерді бағалау арқылы шығарған. Сондай-ақ бұл ақшаны берген адамды тергеу мүмкін болмаған.
«Ол қаладан тысқары шығып, сот тыңдалымына қатыспаған. Азаматтың сот процесіне қатыспауы - оның позициясының шынайы емес екендігін білдіреді», - деді судья.
Алайда Теміртау өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері басқаша ойлаған.Теміртау тұрғынынан пара бопсалау туралы шағым түскен, олар жасырын жедел іс-шаралар жүргізе бастаған. Шенеунік әділет басқармасының кіреберісінде ақша алған кезде, оны ұстаған.
«Жампейісов тергеу кезінде пара алғанын мойындады. Бірақ кейін бұл іс облыстық департаментке берілді», - деп хабарлады сот тыңдалымы барысында Теміртау өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Т. Әбдікәрімов. Кейін бұл қылмыс ҚР ҚК 190-бабы «алаяқтық жасауға ұмтылу» бойынша қайта ауыстырылды.
Іс бірнеше рет тоқтатылып, екі жылдан кейін сотқа берілді.
«Іс материалдары мен мән-жайы тексерілгеннен кейін, әр дәлелдемені бағалап, сот Жемпейісовті кінәсіз деп танып, оны ақтап шығу туралы үкім шығарды», - деді Теміртау қалалық сотының судьясы Асанәлі Смайылов.
Айыпталушының түсіндіруі бойынша, 2015 жылдың ақпан айының соңында ол бір адамға 20 000 теңгені қарызға беріп, оны қайтару мерзімін айтпаған. Әділет басқармасының ғимаратында қарыз алғанг адамды кездейсоқ кездестіріп, ақшаны қайтаруын еске салған. Екі жылға таяу уақытқа созылған істің басы осыдан басталған.