Теміртауда автокөлік үш баланы қағып кетті

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында автокөлік үш баланы қағып кетті,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

Кеше, қаңтардың 1-і күні кешкі сағат 20.00-де Металлургтер даңғылы бойында «Мицубиси» жеңіл көлігіне мінген 37 жастағы азамат 7,10 және 15-тегі үш баланы қағып кетті. Балалар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.