Бұл туралы Теміртау қаласының прокуроры Нүркен Мұхаметқалиев хабарлады.
«Қазіргі кезде тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде, соның қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Баланың өліміне кінәлі адамдар жауаптан құтыла алмайды», - деді Н.Мұхаметқалиев.
Қала әкімдігінен хабарлағандай, Теміртауда 10 күндік мерзімде коммуналдық қызметтердің барлық кәріз құдықтарының инвентаризациясы өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 24 мамыр күні Теміртау қаласының Металлургтер даңғылында орын алды. 2 жасар бала кәріз құдығына құлаған. Кәріз жүйесіне қызмет көрсететін «Окжетпес» ЖШС-нің арнайы техникасының көмегімен 400 м диаметрдегі 1500 метрлік коллектор тексерілді. Алайда бұл ешқандай нәтиже бермеген еді. Іздеу шаралары бейсенбі күнінің кешінен басталды. Өскеменге келген сүңгуірлердің көмегімен баланың мәйіті сенбі күні таңертең табылды.