Теміртауда балалар емханасы және әйелдер консультациясы ашылды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда №2 емхана базасында күрделі жөндеуден кейін педиатриялық бөлімше мен әйелдер консультациясы ашылды. Медициналық қызметтерді «Гиппократ» МФ ЖШС ұсынатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан екі жылбұрын Теміртау қаласының №2 емханасы жеке медициналық ұйымға сенімгерлікбасқаруға берілген болатын. Шарт талаптары бойынша «Гиппократ» ЖШС өз қаражатыесебінен ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіп, қажетті жабдықтар сатып алуы тиіс.

Бүгінгі күніғимараттың бірінші қабатында жөндеу жұмыстары аяқталған. Мұнда педиатрия бөлімімен әйелдер консультациясы ашылды. Бұл кішкентай және ересек пациенттер ағынын ажыратуға, сондай-ақ емханадағы жалпы практика дәрігерлерінежүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

Осы екі бөлімшеніңжұмысымен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев танысыпқайтты. Ол емхананың жұмысына жоғары баға берді.

«Біз нысанды жекефирмаға сенімді басқаруға берген кезде жергілікті тұрғындарда барлық қызметтерақылы болады деген үрей туындады. Алайда барлық жұмыс қолданыстағы заңнаманормативтері аясында жүргізіледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемібар. Ол денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен реттелген. Медициналықкөмектің кепілді көлеміне кірмейтін қызметтер ақылы негізде көрсетіледі. Бірақбұл жағдайда да барлығы заңмен нақты реттелген», - деді басқарма басшысы.

Балалар бөлімінде оториноларинголог, офтальмолог, неврапатолог, хирург,кардиолог секілді мамандар қабылдау жүргізеді. Сондай-ақ, шұғыл пациенттерді қабылдау үшін фильткабинеті жабдықталған.

Педиатрия бөлімшесінде 12 мыңнан астам балаға қызмет көрсетіледі. Емханада барлығы 8 учаскебар, онда бүлдіршіндерді 8 педиатр, 13 педиатриялық медбике және бейінді мамандәрігерлері қабылдайды.

Сондай-ақ, мұндаәйелдер кеңесі ашылды, ол емхананың басқа құрылымдық бөлімшелерінен бөлекорналасқан. Бұл жүкті әйелдердің инфекция жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндікбереді. Бөлімшеде, сонымен қатар, күндізгі стационар қарастырылған. Ол заманауимедициналық жабдықтармен жабдықталған.

Медициналықфирманың басшылығы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейбастағаннан кейін қосымша жабдықтар сатып алуды жоспарлап отыр.

«Жекеменшіксекторға міндетті сақтандыру жүйесімен жұмыс істеу тиімді болады. Себебі бізхалыққа ММСҚ-дан төленетін қаражат есебінен бұдан да көп қызметтерді ұсынааламыз. Егер бәрі біз жоспарлағандай болса, онда біз мұнда МРТ және басқа дақымбат құрал-жабдықтарды қойғымыз келеді», - деп мәлімдеді «Гиппократ» МФ ЖШСдиректоры Надежда Хохлова.

Емханадағы әйелдерконсультациясы 7 акушерлік-гинекологиялық учаскеге есептелген. Қазірмұнда 7 дәрігер мен 9 акушер қабылдау жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар