Теміртау қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Аймангүл Садықова хабарлағандай, Қарағанды облысының бюджетінен мектептің құрылысы үшін қаржы бөлінді.
«Дарынды балаларға арналған мектептің құрылысына 460 миллион 800 мың теңге бөлінді. Ол 600 балаға арналып салынатын болады», - деді Аймангүл Садықова.
Бұл мекеме қаладағы тоғызыншы шағын ауданда бой көтереді. Қазіргі таңда билік салынғалы жатқан ғимаратты жылу жүйесімен қамтамасыз ету мәселелерін шешіп жатыр.
Соңғы жылдары олимпиада нәтижелері көрсеткендей, көптеген оқушылар түрлі пәндер бойынша білім деңгейлерінің жоғары екендігін дәлелдеп келеді. Әсіресе, №5 білім ошағы мен лицейде білім алып жатқан дарынды балалардың саны өте көп.