Теміртауда екі кісі өліміне қатысты күдіктілер Ресейде қолға түсті

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ресейде Уфа стансасында Теміртаудың екі тұрғынын өлтірген күдіктілер ұстады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полицейлер олар автомобиль жөндейтін гараждан гараж иесі мен оның жиен інісінің мүрдесін тапқаннан кейін автослесарлар бой тасалаған. Бір апта бойы іздеуде болған көлік жөндеушілер көлік жөндеу қызметін көрсетуге арналған боксты жалға алған.

«Жедел-іздеу шаралары барысында Қарағанды облысы ішкі істер департаменті криминалдық полиция қызметкерлері Ресей көліктегі ІІМ Уфа желілік басқарма қызметкерлерімен бірлесіп күдіктілерді ұстады. Оларды «Новосібір-Белгород» маршруты бойынша келе жатқан пойыздан Уфада ұстады. Ұсталғандар 28 шілдеде бас араздығымен Теміртаудың екі тұрғынын өлтіргеннін мойындады», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Қазіргі сәтте оларды Қазақстанға экстрадациялау мәселесі шешілуде.

Еске салсақ, екі ер адамның мүрдесін - өлі гараж иесі мен оның туысын күдіктілердің бірінің туған қарындасы тапқан. Ол гаражға бокста тұратын итті тамақтандыруға келген.