Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, екі жолаушы арасындағы келіспеушіліктен кейін олардың бірі пышақ алып шыққан.
Жанжал қоғамдық көліктегі ондаған жолаушының көзінше болған.
«34 жастағы ер адам мас күйінде маршруттық автобуста бейтаныс жолаушымен сөзге келісіп қалғаны анықталды. Осы оқиға орын алған сәтте автобус жанынан патрульдік полиция батальонының экипажы өтіп бара жатқан. Полиция қызметкерлері автобус жүргізушісінің берген сигналдарына назар аударып, автобустың жанына тоқтаған. Ер адам полицияға жеткізілді, пышақ тәркіленді. Оқиғаның себебі және барлық жағдайлар анықталуда», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Куәгерлердің айтуынша, ұрыс-керіске ешқандай айтарлықтай себеп болмаған. Алайда, ер адам ашуға беріліп, бірден пышақ алып, қорқыта бастаған.
Басқа жолаушылар қайғылы оқиғаның алдын алып, ер адамнан пышағын тартып алуға әрекет жасаған.