Жазатайым оқиға 6 шілдеде сағат 12:50-де Теміртау қаласында болған. «Алма» саяжай қоғамының аумағында, Нұра өзенінің ескі арнасында, шомылуға жабдықталмаған жерде 1987 жылы туған ер адам суға батып кетті. Ол достарымен демалыста болған.
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында сағат 18:55-те құтқарушылар суға батқан адамның денесін өзеннен алып шықты»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖ департаменті Қарағанды облысы тұрғындарды суға шомылу кезеңінде келесі ережелерді сақтауды сұрайды:
- Жабдықталмаған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынады;
- Жүзе алмасаңыз, белден жоғары суға түспеңіз;
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Мас күйде шомылмаңыз;
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;
- Түнде шомылмаңыз;
- Тақталарды және жүзуге арналмаған басқа заттарды пайдаланбаңыз;
- Кеудешелер мен белбеулері секілді құтқару жабдықтарынсыз жүзу құралдарында болуға қатаң тыйым салынады;
Оқыс оқиғалар мен ТЖ кез келген фактілері туралы 112 немесе 8 (7212)
433636, 433737 телефондарына қоңырау шалыңыздар.