Теміртауда ғарышкерлер күніне арналған көрме ашылды
Экспозиция бірнеше бөлімдерден құралады. Көрмеде ғарышкер әйелдер туралы деректік материалдар мен фото суреттер келтірілген.
«57 жыл ішінде ғарышта әлемнің 60-тан астам әйелі болып қайтты. Олар және ғарыш туралы біздің көрме баяндайды», - дейді куратор Светлана Трещёва.
Мұражай залдарында сонымен қатар ғарыштық нысандардың макеттері де келтірілген - «Мир» станциясы, ғарыштық ракетаның бөлігі мен сынақшы ұшқыштың шлемі.
12-ші сәуірде мұражайда «Әйелдер ғарышы» атты ашық шара өтеді. Көрмесін сәуірдің 22-не дейін тамашалауға болады.
Ғарышкерлер күні 12-ші сәуірде атап өтіледі. Бұл дата адамның алғаш рет ғарышқа ұшу күнімен орайластырылған. 1961-ші жылдың 12-ші сәуірінде кеңес ғарышкері Юрий Гагарин «Восток-1» кемесімен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әлем бойынша біріші болып Жер планетасын орбиталық айналып өтуге аттанған болатын. Жер маңындағы ғарыштық кеңістікке ұшу 108 минутқа созылған еді.