Құрамында 30 бала бар қатысушыларға арналған саяхатты Қазақстанның Азаматтық альянсының «Бірлігіміз жарасқан!» ақпараттық әлеуметтік науқаны шеңберінде Теміртау жастар клубының белсенділері ұйымдастырды.
«Ең бастысы, біздің жастардың мүмкіндігін дамыту және жүзеге асыра білу, олардың белсенділігін арттыруға жағдай жасау. Біз әрбір баланың жан-жақты дамыған тұлға ретінде болып қалыптасқанын қалаймыз, себебі, біз - бір командамыз!», - дейді Теміртау жастар клубының жетекшісі Алексей Ломакин.