Теміртауда кәсіби-техникалық білім беру бойынша республикалық семинар өтуде

None
ТЕМІРТАУ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы политехникалық колледжінде «техникалық және кәсіби оқытуда (ТжКО) дуальдық оқыту жүйесін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерттеу» атты республикалық семинар өтуде.

Семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым миинстрі Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов қатысуда. Бұдан басқа, ел Парламентінің депутаттары, салалық министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, «Қазақмыс бірлестігі» ЖШС басқармасының төрағасы Эдуард Огай, дуальдық жүйе бойынша халықаралық сарапшылар да бар. Семинарға елдің бүкіл аймақтарынан ТжКО жүйесі ұйымдарының жетекшілері келді.

«Өткен екі жыл ішінде кәсіби-техникалық кадрларды даярлау мәселелері түбегейлі өзгерді. Енді біз бір тілде - өндірістің нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру және елді дамыту үшін оқытудың нақты тиімділігі тілінде сөйлей бастадық», - деді өз сөзінде Б.Жұмағұлов.

«Мамандарды даярлау механизмдерінің жаңа жиынтығында өзін бірқатар дамыған елдерде жақсы танытқан оқытудың дуальдық жүйесі маңызды орын алуы керек. «Аталған жүйе уақытының 70-80 пайызын оқушы өндірісте және 20-30-ын ғана колледжде өткізетінін шамалайды», - деп нақтылады білім және ғылым минитстрі.

Бүгінгі еңбек нарығы мамандар даярлауда жаңа амалдарды енгізуді талап етіп отыр, деп атап өтті Ә.Исекешев. «Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда кадрдларды даярлау маңызды мәселелер қатарына жатқызылады. Кез келген жабдықты сатып алуға болады. Бірақ, заманауи жабдықпен қатар жоғарынәтижелі мамандар да болуы тиіс», - деп атап өтті индустрия және жаңа технологиялар министрі. 2014 жылға дейін Қазақстанда 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашумен бірге, 220 индустриялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деп еске салды ол.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтерінше, қазіргі уақытта кадрларды дуальдық даярлау элементтері ТжКО-ның ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс, т.б. сияқты 96 оқу орнында қолданылуда.