Заңнамаға сәйкес күл үйіндісінің иесі ол тұрғын үйлерге ұшпау үшін күлді суландыруға міндетті. Алайда «КарГРЭС-1» жылу стансасына тиесілі «Bassel Group LLS» ЖШС компаниясы бұл талапты бұзды. Халықтан түскен шағымға байланысты табиғатты қорғау прокуратурасының басшылығы экология департаментінің қызметкерлеріне жоспардан тыс тексеру жүргізуді тапсырды.
Олар қожға су ішінара ғана құйылғанын анықтады. Су тимеген күл тұрғын секторына тараған. Осылайша халықтың өздерін нашар сезінуіне ықпал еткен. «Күл үйіндісінің иесі мемлекеттік эколгиялық сараптама қорытындысында көрсетілген талаптарды бұзған. Талаптарды бұзу Экологиялық Кодекстің 47, 51, 199-баптарына қайшы келеді», - деп хабарлады Теміртау әкімшілік сотында.
Әкімшілік сотының судьясы Назгүл Тілекова күлдің меншік иесі - «Bassel Group LLS» компаниясын ӘҚтК 332-бабын бұзғаны үшін айыпты деп таныды. Кәсіпорынға 500 АЕК, яғни 1 миллион 134 мың 500 теңге айыппұл салынды.