Теміртауда кезекте тұрғандар үшін көпқабатты 3 үй салынады

Фото: None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Теміртау қаласында көпқабатты 3 үйдің құрылысы басталды. Баспана халықтың әлеуметтік қорғалатын санатындағы отбасыларға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Металлургтер қаласының 4А орамында 90 пәтерлі екі көп қабатты тұрғын үй салынады. Баспананы пайдалануға беру осы жылға белгіленген. Кезекте тұрған 180 адам мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтермен қамтамасыз етіледі.

Тағы бір көпқабатты үй «Горка Дружбы» шағын ауданында салынады. Үйде барлығы 36 пәтер бар.

Сондай-ақ, Теміртауда көше жарығын қалпына келтіру жүргізіліп жатыр. Мердігер «Эгида Строй Групп» ЖШС ескі бағанарды алып тастап, орнына жаңасын орнатады.

«Республика даңғылында 234 торшер мен жаңа жарықдиодты шам орнатылды. Қазіргі уақытта 250 баған орнату үшін көше жарығын қалпына келтірумен айналысатын мердігерді анықтауға конкурс рәсімі жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Теміртау қаласының әкімдігі.


Соңғы жаңалықтар