Қарағанды қаласының 62 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Араққа сылқия тойған егде жастағы ер адам жолға шығып кетіп, көліктердің қозғалысына бөгет болды. Теміртау қаласы ІІБ Шығыс қосынына жеткізілген соң, ер адам ІІД патрульдік полиция батальоны қызметкерінің басынан таспен ұрып жіберген.
Салдарынан полиция старшинасы медициналық мекемеге жүгінуге мәжбүр болды, дегенмен ауруханаға барудан бас тартты.
Қажетті сараптама белгіленді. Ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 321 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.