Өңірдегі еңбек департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиғаның мән-жайы комиссия жұмысының барысында тексеріледі.
«Цехта болған оқиғаның мән-жайын еңбек инспекторлары және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ лауазымды тұлғаларынан құралған комиссия анықтайтын болады», - деп хабарлады еңбек департаменті.
ЖЭЦ отын-көліктік цехында болған төтенше жағдайдың жүк түсіру барысында орын алғаны белгілі. Аударғыш вагонды 57 жастағы машинист басқарған.