«Теміртауда криминалдық полицияның қызметкерлері қаладағы пәтерлердің бірінен әділ соттан жасырынып жүрген 29 жастағы ресейлік азаматты ұстады. Новосібір облысында ұрлық жасағаны және кәмелеттік жасқа жетпегендерді қылмыс жасауға тартқаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», - делінеді хабарламада.
Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі кезде оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешілуде.