Өртті ауыздықтауға аталған ұйымның Қарағанды облыстық бөлімшесіне қарасты өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 2 адам және 4 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 6 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан болған иістен зардап шеккен 5 жасар қыз бен оның 3 жасар інісі ауруханаға жатқызылды.
10:31, 09 Қазан 2013
Теміртауда өрттен шыққан газдан 2 бала зардап шекті
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.