Теміртауда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 ақпан күні Теміртауда садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел біріншілігіне ұлттық құрама сапындағы көшбасшы спортшылар қатысады.

Еліміздің он төрт облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 200-ге жуық спортшыл жиналады деп жоспарланған.