Теміртауда сүңгуірлер суға ағып кеткен қыздың мәйітін тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 29 мамыр күні Теміртауда Нұра өзеніне ағып кеткен 14 жасар қыздың мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін таңертең қыздың құлаған жерінен ағысты жоғары бойлай бір жарым-екі шақырым жерден оның денесі табылды, - деді Теміртау ТЖД бастығы Арман Алпыбаев. - Іздестіру жұмыстарына 4 қайық, ТЖД 30 маманы мен еріктілер, ТЖД жедел-құтқару жасағының 2 кинологтік есебі тартылды».

Қыздың денесі сараптама жүргізу үшін полицейлерге берілді. 

Еске салайық, қайғылы оқиға 29 мамыр күні болған. Жасөспірімдер ағашқа байланған жіпке ілініп, тербеліп барып суға түсіп, ойнап жүрген. Ауа райының қолайсыздығы сүңгуірлердің жұмысына кедергі келтірді. Өзен күні-түні тексерілді.