Бұл туралы Теміртау қаласындағы төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті.
Төтенше жағдайлар басқармасының айтуынша, перзентхана жанындағы бос гараж маңынан Теміртау қаласының тұрғындары жүздеген сынық сынапты дене қызуын өлшейтін құралдарды көрген. Сонымен қатар қоқыс арасында уақыты өткен дәрі-дәрмек, балалардың жаялықтары, бахилалар, медициналық әдеби кітаптар табылған.
«Мәселенің мәнісін тексеретін боламыз. Табылған заттар перзентхана мекемесінен шығарылған болар. Бұл жерде тәртіп бұзушылық орын алып отыр. Сынапты құрылғыларды пайдаға асырудың қатаң ережелері бар», - деп аталып өтілген төтенше жағдай басқармасы таратқан ақпаратта.