09:05, 24 Сәуір 2009
Теміртауда үй жертөлесінен граната табылды, 80-нен астам тұрғын көшірілді
АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат - Теміртау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен граната табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Көппәтерлі үйдің жертөлесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде аталған жарылғыш зат табылып отыр. Арнайы іс-шаралардың барысында оның Ф-1 гранатасы екені анықталды. Оқиға салдарынан 82 адам жедел көшірілді. Ішкі істер министрлігінің «Арлан» саперлар тобы гранатаның жарамдылығын анықтау және оны жою үшін өздерімен алып кетті.