Бүгінде аурухана алғашқы науқастарды қабылдай алады. Ол үшін қажеттінің бәрі бар: 200 төсек-орын, оның ішінде 15 реанимациялық, сондай-ақ цифрлық рентген аппараты.
Госпитальда толық жабдықталған 15 реанимациялық төсек-орын ашылды. 30 нүктеге орталық оттегі беру, жаңа ӨЖЖ аппараттары, 145 оттегі концентраторы қарастырылған.
«Бақылау мониторлары, электр сорғылары бар, орталықтандырылған желдету жүйесі орнатылған. Жаңа сандық рентген жүйесі сатып алынды және орнатылды. Оның кеңейтілген мүмкіндіктері бар. Ғимарат қызыл және жасыл аймақтарға бөлінген, бұл медицина қызметкерлерінің індет жұқтыру қаупін азайтады», - дейді Теміртау орталық ауруханасы директорының орынбасары Ринат Гатин.⠀
Аурухананың жеке медициналық құрамы - 73 адам, бірақ ол кадрларға деген қажеттілікке қарай өзгереді.⠀
Сондай-ақ Теміртауда консервацияланған тағы екі госпиталь бар. Осылайша, қаланың инфекциялық стационарларындағы орындардың жалпы саны 500-ден астам төсекті құрайды.