Жарыстың мақсаты - балаларды оқыс жағдайларда әрекеттерге дайындау, отансүйгіштік тәрбиені белсендіру мен азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар салаларындағы білімді насихаттау, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты .
Бұл бәсеке таныстыру сайысы, бірінші медициналық көмек көрсету сайысы және қабырға газеті сайысынан тұрады. Сондай-ақ жарыс барысында келушілер назарына авариялық-құтқару техникасы мен ҚР ІІМ ТЖК жарақтары көрмесі ұсынылады. Ұқсас іс-шаралар оқушыларға өзінің күшін, білімі мен ептілігін шынайы бағалауға мүмкіншілік береді.