«Теміртау қалалық сотында ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімінде көзделген қылмысты жасаған күдіктіге 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.
Соттың ақпаратына сәйкес апат 7 шілдеде ТеміртаудыңМеталлургтер даңғылында орын алған. «Lada Priora» маркалы көлік жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, жылдамдықты асыра жүріп келе жатып, бағдаршам белгісі бойынша жолдан өтіп келе жатқан әйелді қағып кетті. Зардап шеккен әйел алынған жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.
Күдіктінің адвокаты судья қаулысына наразылық білдіруге тырысты. Апелляциялық алқа шағымды қанағаттандырмады. Санкциялау туралы қаулы заңды күшіне енді.