Теміртаудағы атыс: Жарақат алғандар ауруханадан шығарылды
13:58, 24 Мамыр 2018
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда атыс кезінде жарақат алғандар ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соңғы екі науқас Теміртау қаласындағы орталық ауруханадан шығарылды. Бүгінде бесеуінің де жағдайы тұрақты деп бағалануда», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Еске салайық, 10 мамырда Қарағанды облысты Теміртау қаласында болған атыс салдарынан 18-25 жас аралығындағы 5 жігіт ауруханаға жеткізілген болатын. Қаланың 20 жасар тұрғыны жігіттермен сөзге келіп қалғандықтан, оқ атқанын мойындады. Аталмыш факті бойынша, ҚР ҚК «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейін тергеу басталып кетті.