«Төленетін айыппұл миллион теңгеге жуық соманы құрайды. Барлығы 6 апатты оқиға жасырылғаны анықталды. Теміржол көлігіндегі өзгертілген қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, тасымалдаушылар мен қосалқы қызметтер магистральді, стансалық және кірме жолдардағы жол қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы туралы ақпаратты уәкілетті орган мен оның аймақтық бөлімшелеріне беруге міндетті», - деп атап өтілген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Атап айтқанда, хабарлама төтенше жағдай болғаннан кейін бір сағатқа жетпей жіберілуі тиіс. Болған апатты оқиға жайында толық ақпарат бір тәулік ішінде жіберілуі керек.
Тасымалдау үрдісіне қатысушылары санатына жүктерді жеткізу қызметін пайдаланушылар, тасымалдаушылар, инфрақұрылым ұлттық операторы, локомотивті жүргізу операторы және вагон операторлары кіреді.