Теміржол көлігінде жолаушылар тасымалы бойынша келісімшарттардың мерзімін ұзарту қорытындылары шығарылды

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат.  Көлік және коммуникация министрлігінде 2010 жылға әлеуметтік маңызы бар ауданаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын қаржыландыру  туралы келісімшарттардың мерзімін ұзарту қорытындылары шығарылды.

 Көлік ведомстволарының өкілдері мен «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның еншілес акционерлік қоғамның  сарапшылары тартылған жұмыс комиссиясын ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі Азат Бектұров басқарды, деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

 Келісімшарттардың мерзімін қайта ұзартуға қазіргі уақыттағы әрекеттегі 7 тасымалдаушы арыздарын ұсынып отыр, олардың қатарында «Пассажирские перевозки» АҚ, «Пригородные перевозки» АҚ, «Марал-Нур» ЖШС, «ПК Туран Экспресс» ЖШС, «Сункар - 1» ЖШС, «Arlan Trans Astana» және «Кунан транс» ЖШС бар.