Теміржол саласы бұрынғысынша монополияланған түрінде қалып отыр

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Теміржол саласы бұрынғысынша монополияланған түрінде қалып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нәтижесінде, мұндай монополияландыру жыл сайын қосалқы (қызмет көрсететін) саладағы бәсекелестікті шектейді. Нарықтың осы сегментіндегі бәсекелестікті дамытуды, әзірленіп жатқан жаңа Теміржол көлігі саласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының аясында шешу ұсынылады», деді Агенттік басшысы.

Бұдан басқа, осы саладағы ұлттық операторды мемлекеттік қолдау қажет, бұл әсіресе, тауар шекараларын кеңейтуді және Кедендік Одақ аясында бәсекелестікті күшейтуді есепке алғанда маңызды саналады.

М. Есенбаев осындай шараларды іске асырмаса, орта мерзімді кезеңде ресейлік компаниялардың қазақстандық тасымалдаушыларды қосып алу тәуекелін тудыратынын айтып өтті.