Теміржол шпалының өртенуі салдарынан үш жүк пойызы тоқтап қалды - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Алматы облысында «Қайрақты-Қараой» өткелінің 1344-1347-ші шақырымында (10-шы пикет) сағат 17.00-де 570 шаршы метр ауданның шпалы өртенді,

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

Оқиға   салдарынан   Матай-Үштөбе,   Алажиде-Ақтоғай  және  Егінсу-Ақтоғай  бағытындағы   үш жүк пойызы    кестеден кешеуілдеп қалды.  Өрт   Алматы  облысының  Төтенше жағдайлар   жөніндегі  департаментінің күшімен  сағат 20.45-те  сөндірілді.

 Теміржол   қозғалысы ашылды, бірақ 1344-1347-ші шақырымында      қозғалыс  жылдамдығы    сағатына 15-20 шақырыммен  шектелуде.