22 елдің өкілдері бес күнге созылатын бұл басқосуда теміржол саласының өзекті мәселелері, атап айтқанда Теміржол ынтымақтастығы ұйымының жүк және жолаушылар тасымалдау құрылымдарының жұмыс нәтижелері талқыланатын болады.
Ал бейсенбі, 21 сәуірде делегация жетекшілерінің кездесуі өтеді және Конференцияның жалпы отырысы ашылады.
Мәжіліске Қазақстанның атынан «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басшылығы қатысады.