Ер адам жұмысқа кешіккен қызметтесімен жанжал кезінде оны зілбалғамен ұрып өлтірді, деп хабарлайды newsru.com.
Енді Куйбышев темір жолының 40 жастағы жұмысшысының қылмыстық жазаға тартылуы күтілуде.
Тергеушілердің нұсқасы бойынша, 2 қараша күні келеңсіз жағдай таңертең Куйбышев темір жолының Кинель стансасында болған. Күдікті азамат өзінің қызметтесі, 43 жастағы от жағушыны жұмысқа кешіккені үшін ұрысқан.
Жанжал кезінде теміржолшы зілбалғамен оны бірнеше рет ұрған. Жәбірленуші Кинель аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, көп ұзамай алған жарақаттарынан көз жұмды.
Осыған байланысты РФ ҚК-нің 4 бабының 111 тармағы («Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.