Өтпе бойынша кезекші Болат Бекбергенов дер кезінде бөгегіш дабылының түймешесін ағытып, орын алған қауіпті машинистке ескертіп үлгерді.
Белгілі болғандай, жүк көлігі темір жол үстіне шығып, техникалық ақауына байланысты кенеттен сол жерде тұрып қалған. Өтпе бойынша кезекші мен Қарағанды локомотив пайдалану депосының локомотив бригадасы – машинист Вячеслав Козлов пен оның көмекшісі Мейрам Охановтың үйлесімді жұмысының арқасында пойыз автомобильге соғылмады.
Оқыс оқиға салдарынан пойыз екі сағатқа кешікті.
Айта кетер болсақ, 2019 жылы теміржол өтпелерінде 30 жол-көлік оқиғаы тіркелген. Олардың басты себебі – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы.