Теміржолшылар көктемде болуы ықтимал төтенше жағдайларға дайындалуда
Теміржолда тұрақты қызметті қамтамасыз ету мақсатында көктемде болуы мүмкін тасқын кезінде теміржол инфрақұрылымына зиянын тигізуі мүмкін жағдайлармен жұмыс жоспары дайындалды.
Бұл жоспар аясында су бұрғыш құрылғылар әзірленіп, техникалардың дайындығы тексеріліп, бөгеттер мен суағарлардың жай-күйіне көңіл бөлінуде.
Жол бағытының айрықша қатерлі бөліктерінің тізімі жасалып, барлық қажет материалдар сатып алынуда. Бұл Ақтоғай - Саяқ, Ақтоғай - Достық, Бейнеу - Маңғыстау, Защита - Зыряновск - Лениногорск, Хромтау - Алтынсарин, Жетіген - Алтынкөл және т.б.
Магистральді желінің барлық бөлімшелеріне төтенше жағдай болған жағдайда оны тез арада шешу үшін облыстық әкімшіліктер мен төтенше жағдай бойынша аумақтық қызметтермен өзара әрекеттестікті ңығайту тапсырмасы берілді.
Айта кететін жайт, өткен жылы тасқынға қарсы шаралар уақтылы орындалғанына байланысты теміржолда дағдарысты жағдаяттар орын алмады.
«Қазгидромет» мәліметтері бойынша қар қорының шамадан тыс асуы Қостанай, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр.