Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100-ге таяу делегат Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын толығымен қолдайтындықтарын білдірді.
Съезге қатысушылар ел экономикасының жылдан жылға өсіп келе жатқандығын ерекше атап өтіп: «20 жылдан бері еліміздің магистраль желісі Президент пен Үкімет жүргізіп жатқан экономикалық реформаларды сәтті атқарып келеді. Осының арқасында отандық темір жол саласы республикадағы индустриялық-инновациялық дамудың локомотивіне айналды. Осы салада іргелі жобалар қолға алынып, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Темір жол саласының 150 мыңға жуық еңбеккерлері өз жауапкершілігін шынайы сезіне отырып, алдағы сайлауда Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын толығымен қолдайды», - деп мәлім етті.