Температураның төмендеуіне орай тау өзендерінде және Сырдарияда мұздың құрсаулану үрдісі жоғарылап келеді
14:05, 07 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Температураның төмендеуіне байланысты тау өзендерінде және Сырдарияда мұздың құрсаулану үрдісі жоғарылап келеді.
Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлап отыр.
Ал республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы кейбір өзендерде су деңгейінің жоғарылауы, мұздың кептелуі орын алуы мүмкін.
Сонымен қатар еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, және шығыс таулы аудандарында қар көшкіні болуы ықтимал. Осыған орай ведомство қар көшкініне ұрынып қалмау үшін тік қарлы тау баурайларына шықпауға кеңес беруде.